Азия чемпионатына дайындық: дзюдо құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Сборная Казахстана по дзюдо

Сборная Казахстана по дзюдо. Фото: Icon Sport via Getty Images

Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Бұған дейін дзюдо құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің қызметінен кеткені белгілі болған. Алайда бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Федерацияның атқарушы директоры Айбек Имашевтың айтуынша, қазіргі таңда команда Эцио Гамба жетекшілік ететін мамандар тобының жүйесімен жаттығып жатыр. Жаттықтырушылар құрамында Гамбаның штабы мен қазақстандық мамандар бірге жұмыс істейді. Жиын Азия чемпионатына дейін жалғасады.

Айта кетейік, Эцио Гамбаның командасы Қазақстанда биылғы жылдың басынан бері жұмыс істеп келеді. Алайда Гамбаның өзі құрамда жоқ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру