Азат Мақсұм NAIZA ұйымымен келісімшартқа қол қойды

Азат Максум. Фото: Getty Images
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм мансабын отандық NAIZA промоушенінде жалғастырады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жаңа келісімшарт жасалғанын ұйымның баспасөз қызметі ресми түрде жариялады. Жарияланған видеода спортшының өзі: «Ассаламу алейкум! Келісімшартқа қол қойылды. NAIZA 85 турнирінде кездескенше!» – деді.
31 жастағы файтердің октагонға оралуы 19 қыркүйекте Алматыда өтетін NAIZA 85 турнирінде жоспарланған. Қазақстандық спортшының қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Бұған дейін Азат Мақсұм UFC ұйымында өнер көрсетіп, төрт жекпе-жек өткізді. Ол 2023 жылдың шілдесінде Тайсон Нэмді жеңіп, сәтті дебют жасағанымен, кейін Чарльз Джонсон, Тағир Уланбеков және Митч Рапосоға есе жіберді. Соңғы жекпе-жектен кейін UFC қазақстандықпен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.


