Асу Алмабаев UFC рейтингінің үздік бестігіне көтерілді

Асу Алмабаев. Фото: Zuffa LLC
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Бакуде өткен UFC Fight Night турниріндегі жеңісінен кейін UFC-дің жаңартылған рейтингінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
UFC жариялаған жаңа рейтингке сәйкес, Алмабаев бір саты жоғарылап, аса жеңіл салмақта бесінші орынға көтерілді. Қазақстандық спортшы Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңгеннен кейін рейтингте жапониялық Киоджи Хоригутиді басып озды. Нәтижесінде Хоригути алтыншы орынға сырғыды.
Аса жеңіл салмақтың жаңартылған рейтингінде чемпион Джошуа Ван көш бастап тұр. Одан кейін Алешандре Пантожа, Манель Капе, Брэндон Ройвал, Тацуро Таира және Асу Алмабаев орналасқан. Осылайша қазақстандық файтер дивизиондағы ең мықты бес спортшының қатарына қосылды.
UFC 329 турнирінен кейін рейтингтің үшінші нөмірі Брэндон Ройвал Лонир Кавананы жеңген соң Алмабаевты жекпе-жекке шақырды. Қазақстандық файтер әлеуметтік желі арқылы бұл ұсынысты қабылдайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда Асу Алмабаевтың кәсіби ММА-дегі көрсеткіші – 24 жеңіс және 3 жеңіліс.



