«Астана» өз алаңында «Лозаннадан» жеңіліп, еурокубокпен қоштасты

Мухаммеджан Сейсен

Фото: ФК Астана

Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында «Астана» өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» клубына 0:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесу «Астана Арена» стадионында өтіп, төрелікті словениялық Мартин Матош жүргізді.

Алғашқы таймда екі команда да есеп ашуға мүмкіндік алды. Ең қауіпті сәт қосымша минутта тіркелді: Брайан Окохтың баспен жасаған соққысы қақпа бағанына тиді.

Екінші кезеңнің басында «Астана» қорғаныста қателікке бой алдырды, оны Беятт Лекуэйри голға айналдырды. 66-минутта Гауссу Дьяките есепті еселеді. 86-минутта Эбонг қызыл қағаз алып, алаңнан кетті. Қос ойын қорытындысы бойынша «Астана» 1:5 есебімен жарыстан шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру