«Астана» – «Лозанна» матчының тікелей трансляциясы

ФК Астана

Фото: ФК «Астана»

14 тамыз, бейсенбі күні елордада Лига конференциясының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта «Астана» Швейцарияның «Лозанна» клубын қабылдайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ойынды Астана уақытымен 19:00-де «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Алғашқы кездесу Лозанна қаласында өтіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Швейцария командасынан Джейми Роше, Мамаду Кали Сене және Албан Айдини гол соқса, «Астананың» жалғыз добын Иван Башич еншілеген.

Бұл жұптың жеңімпазы плей-офф кезеңінде Түркияның «Бешикташы» мен Ирландияның «Сент-Патрикс Атлетик» клубы арасындағы қарсыластардың біріне қарсы ойнайды. Айта кетейік, «Астана» жаңа маусымдағы еурокубоктық жолын Лига конференциясының екінші кезеңінен бастап, Молдованың «Зимбру» клубын жалпы есеппен 3:1 есебімен ұтқан еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру