«Ақтөбе» «Оқжетпестен» айласын асырды

Багдат Каиров

Фото: ФК Актобе

Жаңа бапкердің жетекшілігімен алаңға шыққан «Ақтөбе» алғашқы ойынында жеңіске жетті. Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында ақтөбеліктер өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесудің алғашқы кезеңінде бастама толықтай алаң иелерінде болғанымен, гол соғу мүмкіндігі жүзеге аспады. Үзілістен кейін күтпеген жағдай орын алды: Дамир Мараттың соққысынан кейін ақтөбелік қорғаушы Алибек Қасым допты өз қақпасына енгізіп алды.

Алайда «Ақтөбе» тез есін жиып, ойынды өз пайдасына бұра білді. Артур Шушеначев есепті теңестіріп, көп ұзамай дубль авторы атанып, командасына аса маңызды жеңіс сыйлады.

Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» қоржынындағы ұпайын 36-ға жеткізіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал 32 ұпайы бар «Оқжетпес» алтыншы орында қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру