«Ақтөбе» клубында 250 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырылған

ФК Актобе

Фото: Ақтөбе ФК

ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыстық прокуратура «Ақтөбе» футбол клубында тексеру жүргізіп, 250 миллион теңгеге жуық қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде клуб тарапынан футболшыларды трансферлеу, әуе тасымалдау қызметтерін төлеу кезінде күмәнді мәмілелер жасалғаны белгілі болды. Сондай-ақ футболшылардың тамағына бөлінген қаржы әкімшілік қызметкерлерінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталған.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189, 190 және 361-баптары бойынша үш қылмыстық іс тіркелді. Материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Тергеу барысы облыс прокурорының бақылауында.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»
21 Окт - 14:34 Футбол
Лисандро Мартинес маусым соңында «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін
21 Окт - 12:50 Футбол
«Кайрат» Конференциялар лигасында «Панатинаикосты» қабылдайды
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті