Алматыда қазақстандық жұлдыздар қатысатын кәсіпқой бокс кеші өтеді

Ельшат Ныгметолла

Ельшат Ныгметолла. Фото: LightRocket

20 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздің танымал былғары қолғап шеберлері қатысатын кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Irfin Promotions компаниясына сілтеме жасап.

Басты жекпе-жекте WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) өз белбеуін қорғайды. Ал қосалқы басты айқаста Армат Арманұлы (5-1, 4 КО) орта салмақтағы бос тұрған WBA Asia титулы үшін күш сынасады. Қарсыластарының есімдері жақын күндері жарияланады.

Сондай-ақ бұл кеште бірқатар қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады: Еділ Қожамбердиев (16-2, 16 КО), Әлішер Абдуәли (6-0, 4 КО) және Элина Базарова (1-0, 1 КО).

Irfin Promotions ұйымдастыратын бұл турнир жыл қорытындысындағы маңызды спорттық шаралардың бірі болмақ және қазақстандық бокс аренасындағы үздіктерді бір алаңда тоғыстырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар