Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылды

Бейбит Жукаев, Даниил Медведев, Александр Шевченко

Бейбит Жукаев, Даниил Медведев, Александр Шевченко. Фото: Андрей Ударив

Алматы қаласында халықаралық турнирлер өткізуге арналған жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Открытие теннисного центра

Теннис орталығының ашылуы. Фото: Андрей Ударцев

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов, сондай-ақ 11–19 қазан аралығында Almaty Arena-да өтіп жатқан ATP 250 Almaty Open турнирінің қатысушылары — Даниил Медведев, Карен Хачанов, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Флавио Коболли қатысты. Танымал теннисшілер балаларға арналған шеберлік сабағын өткізіп, орталық аумағында ағаш отырғызды.

Флавио Коболи и Бейбит Жукаев

Флавио Коболи мен Бейбіт Жұқаев. Фото: Андрей Ударив

«Алатау» орталығы — Алматыдағы ең ірі теннис нысаны. Мұнда кәсіби спортшылар мен әуесқойларға арналған жаттығулар, түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылмақ. Оқыту процесіне білікті жаттықтырушылар тартылған.

Даниил Медведев

Даниил Медведев. Фото: Андрей Ударив

Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асатын орталықта 14 корт бар: 4 жабық және 4 ашық хард жабыны бар алаң, сондай-ақ 6 топырақты корт. Сонымен қатар жаттығу залы, медициналық бөлме, конференц-зал және әкімшілік блок орналасқан. Ашық корттарда 150 орындық трибуна, жабық алаңдарда 100 орын бар. Кешен тәулігіне 500-ге дейін адам қабылдай алады.

Орталықта инклюзивті тенниске, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған жеңілдетілген жаттығуларға ерекше назар аударылады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады
24 Фев - 13:40 Теннис
Юлия Путинцева Меридадағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді
18 Фев - 19:27 Теннис
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
16 Фев - 15:14 Теннис
WTA Дохадағы турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады