Алькарас Цинциннатиде жеңімпаз атанды

Карлос Алькарас

Фото: The Independent

АҚШ-та өткен Цинциннати турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер мен екінші орында тұрған Карлос Алькарас кортқа шықты. Итальяндық спортшы алғашқы сетте 0:5 есебінде ойынды жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Матч небәрі 23 минутқа созылды. Осылайша жеңіс испандық теннисшіге бұйырды. Ол 1 124 380 доллар жүлде қаржысын және 1000 рейтингтік ұпай иеленді.

Синнер 597 890 доллар табысқа қол жеткізіп, 650 ұпайға ие болды. Өткен жылы бұл турнирде жеңімпаз атанған италиялық биыл өз атағын сақтап қала алмады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру