Али Ахмедов ауыр жеңілістен кейін жаттығуға қайта кірісті

Али Ахмедов

Али Ахмедов. Фото: Getty Images

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-2, 17 КО) үзілістен кейін жаттығуға қайта оралды. Бұл туралы Жанқош Тұраров өзінің Instagram парақшасында жариялады. Суретте ол Али мен бапкер Сагатбек Мұсахановпен бірге жаттығу залында түсіп тұр. Жазбада қысқа ғана: «Жаттығу лагері» делінген.

Айта кетейік, 28 ақпан күні Астанада өткен жекпе-жекте Ахмедов күтпеген жерден поляк боксшысы Мачей Сулецкийден (33-3, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Бұл кездесу WBC Silver белбеуі үшін өткен болатын. Осы жеңілістен кейін Али біраз уақытқа бокстан алыстаған.

Қазіргі таңда оның рингке нақты қашан оралатыны және келесі қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады