Александр Бублик Кицбюэль турнирінің жеңімпазы атанды

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Австрияда өткен ATP 250 санатындағы Кицбюэль турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финалда қазақстандық теннисші Франция өкілі Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл Бублик үшін қатарынан екінші ATP 250 турниріндегі чемпиондық атақ. Ол «Ролан Гаррос» турнирінен кейінгі маусымда тек бір рет жеңіліп, қалған 12 кездесуде жеңіске жетті.

2025 жылғы бұл — Александрдың үшінші титулы. Жалпы, ол кәсіби мансабында жеті мәрте ATP турнирлерінің жеңімпазы атанды. Бұған дейін Монпелье, Галле, Антверпен және Гштаад жарыстарында топ жарған болатын.

Бұл жетістігі арқылы Бублик ATP жаңартылған рейтингінде 25-орынға қайта оралды. Енді ол хард корттағы маусымға дайындалып, US Open турниріне жол тартады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
10 Мар - 12:06 Теннис
Рыбакина WTA турнирлерінде жеңістер саны бойынша көш бастады
10 Мар - 10:33 Теннис
Бублик Индиан-Уэллс турниріндегі жарысын аяқтады
09 Мар - 11:35 Теннис
Данилина Индиан-Уэллс турнирінің жұптық жарысында ширек финалға шықты
09 Мар - 10:09 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі жұптық жарыста жеңіліс тапты
08 Мар - 16:20 Теннис
Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша көш бастады
08 Мар - 14:42 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті
08 Мар - 09:00 Теннис
Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды