Александр Бублик Галле турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы болды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Осыған дейін қарсыластар алты рет кездесіп, соның бәрінде Медведев жеңген еді. Бубликтің өзі де ресейлік теннисшілерден тек Медведевті ұта алмай жүргенін мойындаған-ды.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте Бублик брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте Бублик сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық жолында ATP турнирлерінде бесінші титулына қол жеткізді. Соның ішінде Александр 2023 жылы Галле додасында үздік шыққан еді.

Александр Бублик алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 30-орынға көтеріледі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады
24 Фев - 13:40 Теннис
Юлия Путинцева Меридадағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді
18 Фев - 19:27 Теннис
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
16 Фев - 15:14 Теннис
WTA Дохадағы турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады