Алдағы он жылдағы «Алтын доп» иегерлері кім болмақ?

Золотой мяч

Фото: Visionhaus via Getty Images

Goal порталы сарапшылары алдағы он жылда «Алтын допты» кімдер жеңіп алуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Мамандар болжам жасағанда футболшылардың таланты, күтіп тұрған ірі турнирлер және ықтимал трансферлерді де ескерген.

Болжам бойынша, 2026 жылы жүлде Килиан Мбаппеге, 2027 жылы Мұхаммед Салахқа бұйырады. 2028 жылғы басты фавориттер — Джуд Беллингем немесе Коул Палмер. 2029 жылы Эрлинг Холанн топ жарады деп күтіледі. Ал 2030 жылдан бастап Ламин Ямальдың үстемдігі басталады: ол 2030, 2031, 2033 және 2034 жылдардың басты фавориті аталды. 2032 жылы тізімге Дезире Дуэ енген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру