«Афродита кубогында» бес медаль: отандық гимнасшылар топ жарды

Эрика Жайлауова

Эрика Жайлауова

21-23 наурыз аралығында Грекияның Фалиру қаласындағы Олимпиадалық гимнастика орталығында көркем гимнастикадан «Афродита кубогы» халықаралық турнирі өтті. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа 27 елден 310 спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы турнирде сәтті өнер көрсетіп, бес жүлде иеленді. Қыздарымыз екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Лентамен орындаған жаттығуда Эрика Жайлауова чемпион атанды (26.550), ал Айым Мейіржанова екінші орынға табан тіреді (25.700). Үшінші орынды Болгариядан келген Яница Диниева иеленді (25.200). Ал шеңбермен жаттығуда Милана Парфилова (26.650) алтын медаль жеңіп алды.

Доппен өткен финалда итальяндық Алис Таглиетти (27.400) топ жарды. Эрика Жайлауова бұл сында да жақсы нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді (26.700). Қоланы Италия гимнасышысы Изабель Тавано еншіледі (25.400).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 21:03 Басқа
Монреальдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 19:53 Басқа
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 17:35 Басқа
Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
07 Мар - 14:52 Басқа
Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
07 Мар - 13:05 ММА
Закир Найманбаев Power Slap лигасында үшінші жеңісіне жетті
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін