Әсем Орынбай стенд атудан әлем рекордын қайталап, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Асем Орынбай

Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды.

Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол әйелдер арасындағы “скит” жаттығуында топ жарды.

Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.

Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Июл - 16:51 Басқа
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатын тарихи алтынмен аяқтады
29 Июл - 12:06 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатының командалық жарысын аяқтады
28 Июл - 12:05 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады
27 Июл - 15:05 Басқа
Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатындағы жекелей жарысты аяқтады
26 Июл - 13:47 Басқа
Тимур Турлов FIDE президенті қызметіне үміткер болды
17 Июл - 17:55 Басқа
Таеквондодан Қазақстан құрамасы командалық әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды
08 Июл - 10:50 Басқа
Бибісара Асаубаева қатарынан үшінші маусымда Global Chess League турнирінде өнер көрсетеді
27 Июн - 19:54 Басқа
Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман фристайл шахматынан әлем чемпионатына қатысады
26 Июн - 12:05 Басқа
Қазақстан құрамасы AVC Ұлттар кубогында Бахрейнге жол берді
24 Июн - 16:25 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін сынға түседі