Абиба Абужақынова Душанбеде «Гранд Слэмнің» қола жүлдегері атанды!

Абиба Абужакинова

Абиба Абужакинова. Фото: Getty Images

Қазақ дзюдошысы Абиба Абужақынова Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен беделді «Гранд Слэм» турнирінде қола жүлде иеленді. 48 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимованы жеңді.

Абиба үшін бұл – «Гранд Слэм» турнирлеріндегі тоғызыншы қола медаль. Бұған дейін ол 2024 жылы Ташкентте күміс жүлде алған болатын. 2025 жылы бұл – оның екінші турнирі: наурыз айында ол Австриядағы «Гран-при» жарысында топ жарған еді.

Душанбеде өткен жарыстың алғашқы күнінде Абиба Қазақстаннан финалдық кезеңге жеткен жалғыз спортшы болды. IJF World Tour күнтізбесіндегі ең беделді турнир – «Гранд Слэм». 2025 жылы тоғыз турнир өтеді, ал келесі кезең 9-11 мамырда Астанада ұйымдастырылады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Янв - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
09 Янв - 20:20 Күрес
Антальядағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар жүлдемен бастады
14 Дек - 15:06 Күрес
Ризабек Айтмұхан PWL турнирінде Магомедхан Магомедовке жол берді
06 Дек - 13:10 Күрес
Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды
02 Дек - 16:03 Күрес
Әлішер Ерғали өзіне жаңа күрес түрінен финалға шықты
30 Ноя - 17:03 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады
28 Ноя - 18:34 Күрес
Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді
27 Ноя - 18:08 Күрес
Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
13 Ноя - 15:33 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
09 Ноя - 18:33 Күрес
Дзюдо: Назгүл Маратова Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды