41 жылдан кейінгі қуаныш: «Тоттенхэм» Еуропа лигасын жеңіп алды

«Тоттенхэм»

Фото: UEFA via Getty Images

2024/2025 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының финалында «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» командалары кездесіп, лондондықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес Баррия» стадионында өтті.

Жеңіс голын 42-минутта «Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Бреннан Джонсон соқты. Бұл – клубтың соңғы 41 жылда Еуропадағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін олар 1972 және 1984 жылдары УЕФА кубогын иеленген болатын.

Аталған жетістік арқасында Ангелос Постекоглу шәкірттері келесі маусымда (2025/2026) Чемпиондар лигасына жолдама алды. Сондай-ақ, бұл – «Тоттенхэмнің» 2008 жылдан бері алғаш рет трофей көтеруі. Ол кезде команда Англия лигасы кубогын жеңіп алған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді