2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді

69204e67ec8c5
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылдың наурыз және сәуір айларында өтетін FIFA Series жаңа халықаралық турнирдің жобасын ресми түрде жариялады. Бұл жоба әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы ерлер және әйелдер құрамаларын бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құрамаларға басқа конфедерация командаларымен ойнауға жағдай жасап, футбол мәдениеттерін жақындастыру. FIFA Series алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта өткен болатын. Ал 2026 жылы турнир толық көлемде ұйымдастырылып, алғаш рет әйелдер құрамаларын да қамтиды.

ФИФА президенті Джанни Инфантино бұл жобаның маңызын атап өтті:

«FIFA Series футболшылардың, жаттықтырушылардың және жанкүйерлердің әлеуетін ашуға бағытталған. Әртүрлі елдерді бір алаңда тоғыстырып, футболдың алуан түрлілігін көрсету – басты мақсатымыз. 2026 жылғы турнир ерлер мен әйелдер футболының дамуына қосымша серпін бермек», – деді ол.

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

Қазір ФИФА басқа да ұлттық қауымдастықтармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Турнирге қатысатын барлық елдердің толық тізімі 2026 жылдың басында жарияланады.

Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Ноя - 19:01 Футбол
Геворг Наджарян кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады
22 Ноя - 12:33 Футбол
Жорди Альба «Барселона» Мессиге арналған қоштасу рәсімін «Камп Ноуда» өткізуі тиіс деп санайды
22 Ноя - 09:23 Футбол
2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді
21 Ноя - 13:12 Футбол
Ислам Чесноков пен «Хартс» арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
21 Ноя - 10:33 Футбол
Ұлан Қонысбаев футболшы ретіндегі мансабын қайта бастамақ
20 Ноя - 17:00 Футбол
«Манчестер Сити» бұрынғы кеңесшісі Гвардиоланың маусым соңында клубтан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді
20 Ноя - 16:33 Футбол
«Данди Юнайтед» Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытқанын растады
20 Ноя - 14:54 Футбол
«Ливерпуль» Рафинья үшін «Барселонаға» 100 миллион еуро ұсынуға дайын
20 Ноя - 12:33 Футбол
Виктор Кумыков келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Қайсардан» кетті
20 Ноя - 10:52 Футбол
Куртуа Мбаппе мен Роналдуды салыстырды