2025 жылғы «Алтын доптың» иегері белгілі болды

Золотой мяч

Фото: Visionhaus via Getty Images

Аргентиналық журналист Пабло Жиральт «Алтын доп» жүлдесінің 2025 жылғы дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның дерегінше, марапатқа «Барселона» мен Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямаль ие болады. Ол 805 ұпай жинаған. Екінші орында – «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле (800), үшінші – оның командаласы Витинья (643).

Бұған дейін француз басылымдары әртүрлі болжам жасаған еді: бірі Дембелені жеңімпаз атады, енді бірі фавориттердің өзі нәтижені әлі білмейтінін жазды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында өтеді. Дауыс беруге ФИФА рейтингіндегі үздік 100 елдің спорт журналистері қатысты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру