Алмаханға қарсы жекпе-жек – Топурия үшін маңызды сынақ

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: Alamy Live News

Бокс пен ММА тақырыбында жазатын испантілді TotalPelea парақшасы Бекзат Алмаханға қарсы алдағы жекпе-жек Грузия тумасы, Испанияда тұратын Александр Топурия үшін үлкен сынақ болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алмахан мен Топурия арасындағы кездесу 22 қарашада Катардың Доха қаласында өтетін UFC турнирінде өтеді. Александр — жеңіл салмақтағы UFC чемпионы әрі P4P рейтингінің көшбасшысы Илия Топурияның туған ағасы.

«Александр Топурия дебютінде жақсы өнер көрсетті және әлеуеті бар. Алайда 29 жасында және оннан аз кәсіби жекпе-жек (6-1-0) өткізгеніне қарамастан, оның деңгейіне қатысты күмәнім бар. Бекзат Алмаханға қарсы кездесу көп нәрсені көрсетеді: қазақстандық өте мықты және алғашқы жекпе-жегінде-ақ Умар Нұрмагомедовке қарсы сенімді өнер көрсетті», – делінген жазбада.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру