OCTAGON лигасының қос чемпионы UFC жолдамасы үшін сынға түседі

Азамат Нуфтиллаев

Фото: OCTAGON

Қазақстандық OCTAGON лигасының бұрынғы чемпиондары Муртазали Магомедов пен Азамат Нуфтиллаев UFC-ге өтуге мүмкіндік беретін DWCS турниріне шақырту алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жеңіліп көрмеген Муртазали Магомедов (9-0) бұл додада UFC келісімшарты үшін күреспек. Ол 2023 жылы Сардор Худойбердиевті қылқындыру әдісімен жеңіп, чемпион атанған. Кейін Клаудисио Бритоны жеңіп, белбеуін қорғаған. Қазір Лас-Вегастағы Syndicate MMA клубында жаттығып жүр. Сонымен қатар, ол The Ultimate Fighter 33 финалына дайындалып жатқан қазақстандық Әліби Ыдырысқа көмектесіп, шешуші жекпе-жекте оның бұрышында болады.

DWCS турниріне қатысатын екінші спортшы — ауыр салмақтағы Азамат «Айдаһар» Нуфтиллаев (17-1-1). Ол 6 шілдеде өткен Octagon 75 турнирінде қарсыласын «солтүстік-оңтүстік» әдісімен жеңіп, уақытша чемпион атанды.

Екі спортшының да жекпе-жек күндері мен қарсыластары кейінірек ресми түрде хабарланады. UFC-ге өтуге нақты мүмкіндіктері бар қос файтер жанкүйерлер үмітін ақтауға дайын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру