Алиби Идрис TUF шоуында жеңіске жетті

Алиби Идрис

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық ММА файтері Алиби Идрис (11-0) The Ultimate Fighter (TUF) жобасының бесінші эпизодында қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ол бұл жолы Өзбекстан өкілі, Belarusian Fight Championship чемпионы Фурқатбек Екубовпен (15-4) жекпе-жек өткізді. Екубов — әйгілі Чейл Сонненнің командасының мүшесі.

Үш раундқа созылған шайқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Идриске берді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Осылайша, қазақстандық спортшы UFC келісімшартына бір қадам жақындай түсті.

TUF — UFC ұйымдастыратын реалити-жоба, мұнда жас әрі үміт күттіретін файтерлер басты аренаға шығу мүмкіндігі үшін таласады. Алибидің шоудағы жаттықтырушысы — UFC аңыздарының бірі Даниэль Кормье.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру