Иэн Гэрри: «Шавкат – мықты, бірақ мен де осал емеспін»

Шавкат Рахмонов

Фото: Getty Images

Ирландиялық UFC жекпе-жекшісі Иэн Гэрри Talksport басылымына берген сұхбатында Шавкат Рахмоновпен болған жекпе-жек туралы пікір білдірді. 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткен кездесуде Рахмонов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Гэрридің айтуынша, жеңіліс оған керісінше сенімділік берген:

«Оның қаншалықты мықты екенін білдім, өйткені біз Америкада бірге жаттыққанбыз. Бірақ жаттығу мен октагон – екі бөлек дүние. Мен сол кезде-ақ сенгенмін: мен – апсет жасай алатын жігітпін».

Ол бұл кездесудің Рахмоновқа деген жұрттың көзқарасын өзгерткенін айтты:

«Көп адам: “Мүмкін, Гэрри ойлағаннан да мықты шығар, ал Шавкат – аса да таңғаларлық емес” деп ойлады. Мен оны әдеттегі адам ретінде көрсеттім. Менің өнерім керемет болды. Келесі жолы екеуміз қайта кездескенде, мен оны жеңемін. Бұл – уәде».

Қазір Иэн Гэрри UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде 7-орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды