Қазақстандық хоккейші АҚШ клубына ауысты

Максим Павленко

Фото: Getty Images

Қазақстан құрамасының қақпашысы Максим Павленко хоккейдегі мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады. 22 жастағы голкипер AHL-дегі «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл команда әйгілі «Питтсбург Пингвинздің» фарм-клубы саналады.

Жақында өткен әлем чемпионатында Павленко Қазақстан қақпасын жеті ойында да қорғап, 88,1 пайыздық көрсеткішке қол жеткізген еді. Оның сенімді ойыны халықаралық деңгейде де назарсыз қалған жоқ.

2024/25 жылғы маусымда Максим Ресейдің «Рязань-ВДВ» клубы сапында ойнаған. ВХЛ аясында жеті матч өткізіп, қақпаға бағытталған соққылардың 90,1 пайызын қайтара білді. Енді Павленко үшін НХЛ жүйесі – жаңа сынақ пен үлкен мүмкіндік болмақ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:00 Хоккей
Барри Тротц Александр Овечкиннің Стэнли кубогын жеңіп алғанға дейінгі қысым туралы айтты
19 Окт - 14:00 Басқа Хоккей
Шутов пен Орехов ҚХЛ-дің алтыншы аптасының үздіктері атанды
19 Окт - 09:15 Хоккей
Овечкин «Вашингтонның» тағы бір клубтық рекордына бір қадам қалды
12 Окт - 15:20 Хоккей
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
12 Окт - 14:00 Хоккей
Кузнецовтың агенті хоккейшінің «Тракторға» оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
12 Окт - 13:20 Хоккей
Александр Овечкин тарихи жетістікке жетіп, Гретцки рекордына жақындай түсті
09 Окт - 12:05 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дегі үй сериясында кемінде төрт ұпай жинауы мүмкін
08 Окт - 14:30 Хоккей
Борис Михайлов Андрей Разиннің «Металлургтен» шеттетілуіне пікір білдірді
21 Сен - 08:30 Хоккей
Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші матчында жеңіліп қалды
20 Авг - 16:25 Хоккей
«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогін жеңіспен аяқтады