Данилина жұптық сында ширек финалға жолдама алды

Анна Данилина и Александра Крунич

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде жұптық сында ширек финалға шықты. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Данилина мен Крунич АҚШ өкілі Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схюрс дуэтін екі сетте жеңді – 6:4, 6:0.

Жартылай финалға шығу үшін олар америкалық Тейлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синяковаға қарсы ойнайды. Бұл жұп – турнирдің бірінші нөмірлі фавориті.

Айта кетейік, бұған дейін осы жарыста Александр Бублик те ширек финалға өткен болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру