Сехудо мен Ахметов айқасы даулы жеңіспен аяқталды

Ахметов и Сехудо

Ахметов и Сехудо. Фото: Alash Pride

Астанада өткен Alash Pride FC 108 турнирінде UFC-дің экс-чемпионы Генри Сехудо мен қазақстандық Кайрат Ахметов грэпплинг ережесімен кездесті. Айқаста Сехудо 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Бірақ жекпе-жектен кейін Ахметов төрешілердің шешімімен келіспейтінін айтты. Дегенмен нәтиже өзгеріссіз қалды.

Генри Сехудо – UFC-дің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы және 2008 жылғы еркін күрестен Олимпиада жеңімпазы. Ал Ахметов ММА-де соңғы рет 2023 жылдың мамырында октагонға шығып, Рис Макларенді ұтқан болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар