Месси мен Суарес өз командасын құрды

Месси и Суарес

Фото: Getty Images

АҚШ-тың «Интер Майами» клубында бірге ойнайтын Лионель Месси мен Луис Суарес Уругвайда жаңа футбол командасын құрғанын мәлімдеді. Жоба «Депортиво ЛСМ» деп аталады. Атауы қос аңыз ойыншының тектерінің бас әріптерінен құралған.

Суарестің айтуынша, команда Уругвай чемпионатының төртінші лигасынан бастайды. Бұл бастама жастар футболын қолдап, талантты балаларға мүмкіндік беру үшін қолға алынған.

«Бала күнімізден бір-бірімізге жақынбыз. Енді сол футболдағы көзқарасымыз бен тәжірибемізді кейінгі буынмен бөлісетін уақыт келді», – деді Суарес.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру