Әділбек Мусин Францияда екі күміс еншіледі

Адильбек Мусин. Фото: Olympic.kz
Кан-ан-Руссийонда (Франция) өткен беделді жарыста қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин екі күміс медаль жеңіп алды.
Жарыстың бірінші күнінде ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде екінші нәтиже көрсетті.
Кейін 50 метрге баттерфляй сайысының финалына өтіп, тағы да күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин Қазақстан чемпионатында осы қашықтық бойынша жаңа рекорд орнатқан болатын.