Асу Алмабаев өзбек файтеріне қарсы жекпе-жек туралы: «Бұл – тек спорт. Басқа түк те жоқ»

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы үздік файтерлерінің бірі, қазақстандық Асу Алмабаев алдағы қарсыласы Рамазонбек Темиров туралы пікір білдірді. Екеуі 26 шілде күні Абу-Дабиде октагонға шығады.

«Өзбектер – бізге бауырлас халық. Екеуміздің арамызда ешқандай кикілжің жоқ. Бұл – жай ғана спорттық бәсеке. UFC бізге қарсылас береді, ал таңдау құқығы бізде жоқ. Сондықтан Рамазонмен жақсы жекпе-жек көрсетуге тырысамыз. Барша жанкүйерді 26 шілдеде Абу-Дабиге күтеміз!» – деді Асу Bugun Sport арнасына берген сұхбатында.

Асу Алмабаев өткен айқасында Манел Капеден жеңіліп, 17 жеңістен тұрған сериясын тоқтатты. Қазір ол UFC рейтингінде сегізінші орында және промоушендегі көрсеткіші – 4-1.

Ал 28 жастағы Темиров UFC-де екі жекпе-жекте жеңіске жетіп, жалпы 11 кездесу қатарынан ұтқан. Қазір ол өз салмағында 13-орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру