Қоштасар сәт келді: Лука Модрич «Реалдан» кететінін мәлімдеді

Лука Модрич

Фото: France 24

Аңызға айналған хорват жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік «Реалмен» қоштасатынын ресми түрде жариялады. Клубтың баспасөз қызметі ойыншыға алғысын білдіріп: «Рақмет, Лука» деген жазба жариялады.

«Бұл сәттің болғанын қаламадым, бірақ бұл – футбол. Сенбі күні “Сантьяго Бернабеудегі” соңғы ойынымды өткіземін», – деді Модрич.

Ол сондай-ақ клубқа алғысын білдіріп: «“Реал” үшін ойнау менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Осы ұлы клуб тарихындағы ең табысты кезеңнің бір бөлігі болғаныма мақтанамын», – деп ағынан жарылды.

Лука Модрич 2012 жылдан бері «Реал» сапында өнер көрсетті. Оған дейін ол «Тоттенхэм», «Интер» Запрешич, «Зриньски» және Загребтің «Динамо» клубтарында ойнаған.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді