Қазақстандық хоккейші АҚШ-та Робертсон Кубогын жеңіп алды

Александр Ким

Александр Ким. Фото: Bismarck Bobcats

«Бисмарк Бобкэтс» командасы Робертсон Кубогының финалында «Лоун Стар Брамас» клубын 4:2 есебімен ұтып, маусымның басты трофейін иеленді.

Бұл ойында қазақстандық шабуылшы Александр Ким де көзге түсті. Ол қарсылас қақпасына бір шайба салып, жеңіске үлес қосты.

19 жастағы хоккейші осы маусымда NAHL чемпионатының негізгі кезеңінде 44 матч өткізіп, 28 (17+11) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 13 ойынға қатысып, тағы 7 (4+3) ұпай еншіледі.

Ким үшін бұл маусым сәтті аяқталды – ол тек жақсы статистикамен ғана емес, маңызды кубокпен де мадақталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 21:50 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-ны өз алаңында жеңді
23 Дек - 22:10 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дағы матчта «Тракторға» жол берді
08 Дек - 12:00 Хоккей
«Горняк» шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты