Монреаль турнирінің сыйақысы белгілі болды: Алмахан жеңісі үшін қанша алды?

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: Zuffa LLC

Канадада өткен UFC 315 турнирінен кейін файтерлерге төленген сыйақы көлемі жарияланды. Жалпы сома – 310 500 доллар. Бұл қаражат UFC-дің арнайы PGC бағдарламасы аясында бөлінді. Бағдарлама спортшылардың киім үлгісіне, медиамен жұмыс істеу тәртібіне және басқа да ережелерге қатысты талаптарды қамтиды.

Көп қаржы алғандардың қатарында Белал Мұхаммед пен Валентина Шевченко бар – екеуі де 42 мың доллардан иеленді. Қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюті үшін 4 000 доллар алды. Оның қарсыласы Брэд Катона – 6 000.

Айта кетейік, бұл бағдарлама Venum брендінің демеушілігімен қаржыландырылады. Жекпе-жекшілерге төленетін сома UFC, сондай-ақ Zuffa басқарған WEC пен Strikeforce ұйымдарындағы жекпе-жектер санына байланысты есептеледі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 15:18 ММА
Шавкат Рахмонов бұрынғы UFC чемпионы Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізуі мүмкін
23 Окт - 11:21 ММА
Мовсар Евлоевтің жаттықтырушысы Александр Волкановскимен жекпе-жек алдындағы психологиялық жағдайы туралы айтты
23 Окт - 09:50 ММА
Арман Царукян RAF 14 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Диллон Дэниспен жанжалдасты
21 Окт - 14:00 ММА
Хамзат Чимаев Лас-Вегастағы RAF 14 турнирінде Робби Лоулермен белдеседі
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді