Шавкатқа жол ашылды: Белал белбеуден айырылды

Джек Делла Маддалена

Джек Делла Маддалена. Фото: Getty Images

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде басты жекпе-жек жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге арналды.

Белал Мұхаммед чемпиондық атағын алғаш рет қорғауға шыққан болатын. Оның қарсыласы – Аустралиядан келген Джек Делла Маддалена. Бес раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті Маддаленаға берді.

Осылайша, Белал мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде – 24 жеңіс және бір жекпе-жек нәтижесіз аяқталған. Жаңа чемпион Джектің кәсіби көрсеткіші – 17 жеңіс пен 2 жеңіліс.

Бұл нәтиже дивизиондағы жағдайға тікелей әсер етті. Қазір рейтингтің екінші сатысында тұрған қазақ файтері Шавкат Рахмонов (19-0) чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі саналады. Ол бастапқыда Белалмен титул үшін кездесу керек еді, алайда жарақатына байланысты турнирден шет қалған болатын. Енді Шавкатқа чемпиондық жекпе-жекке шығуға мүмкіндік есігі қайта ашылды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру