Бекзат Алмахан UFC-де жылдам нокаутпен жеңіске жетті

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан UFC аясындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонаны жекпе-жектің алғашқы минуттарында-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Бекзат пен Брэд арасындағы айқас үш раундқа жоспарланғанымен, екінші минутқа жетпей-ақ аяқталды. Алмахан қарсыласының шабуылын тойтарып, кері бағытта дәл апперкотпен ұрып түсірді. Катона еденге құлағаннан кейін, Бекзат бірнеше соққы жасап үлгерді, ал төреші жекпе-жекті дереу тоқтатты.

Бұл – Бекзаттың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол 2024 жылы Умар Нурмагомедовпен кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылған болатын. Қазір оның кәсіби рекорды – 12 жеңіс, 2 жеңіліс.

Катона үшін бұл – мансабындағы алғашқы уақытынан бұрынғы жеңіліс. Ол бұған дейін 14 жекпе-жекте жеңіске жетіп, тек 4 рет ұтылған. Айта кетерлігі, Катона – The Ultimate Fighter шоуын екі мәрте жеңіп алған жалғыз спортшы.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды