Ламин Ямаль «Барселонамен» 2030 жылға дейін келісімшарт жасамақ

Ламин Ямаль

Ламин Ямаль. Фото: Getty Images

Каталониялық «Барселонаның» 17 жастағы жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль клубпен жаңа келісімшартқа келісті. Todofichajes хабарлауынша, келісім 2030 жылға дейін ұзартылмақ. Ресми рәсім жазда, футболшы 18-ге толған соң жасалады.

Жаңа келісімде жалақыны едәуір арттыру және трансферді сатып алу шарты қарастырылған. Бұл клубтың жас ойыншыға үлкен сенім артып отырғанын көрсетеді.

Қазір Ямальдың келісімі 2026 жылдың маусымына дейін жарамды. Оның нарықтағы құны – 180 миллион еуро. Биылғы Ла Лига маусымында ол 31 матч өткізіп, алты гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру