Магомед Адиев: Қазақстан құрамасына оралуым мүмкін

Магомед Адиев

Магомед Адиев. Фото: Icon Sportswire via Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазір Ресейдің «Химки» командасын жаттықтырып жүрген Магомед Адиев «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында ұлттық құрамаға оралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.

«Қазір бар назарым өз жұмысымда. Қазақстан құрамасын да, Ресей чемпионатын да жиі қарап үлгермей жүрмін», — деді Адиев.

Оның айтуынша, Қазақстандағы кезеңін сәтті деуге болады, себебі нәтижелер өзінен-өзі көрініп тұр.

«Біз көп нәрсе істедік, халық алғысын білдірді — бұл дұрыс бағытта жүргеніміздің белгісі», — деп атап өтті маман. Ал болашақ жайлы сұраққа ол: «Иә, қайта оралуым мүмкін. Енді тәжірибем бар, қажет болса, жеңілірек болады. Әзірге тек «Химкиге» және алдағы ойындарға басымдық беріп отырмын», — деп жауап берді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді