«Барселона» Холандты алуды жоспарлап отыр: рекордтық трансфер күтілуде

Эрлинг Холанд

Фото: Getty Images

«Барселона» клубы «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алуға жоспар құрды, деп хабарлайды ManagingBarca. Каталондықтар 24 жастағы футболшыны 36 жасқа келген Роберт Левандовскидің орнына басты үміткер санап отыр. Левандовскидің келісімі 2026 жылы аяқталады.

Холандтың трансфері дәл сол 2026 жылы жүзеге асуы мүмкін. Себебі клуб сол уақытта жаңа демеушілермен келісімшартқа отырып, қажетті қаржылық қолдау алады деп болжануда. Қанша қаржы жұмсалатыны айтылған жоқ, бірақ бұл келісім «Барселонаның» тарихындағы ең қымбат трансфер болатыны мәлім.

Қазіргі уақытта каталондықтардың ең қымбат сатып алулары – Филиппе Коутиньо мен Усман Дембеле. Екеуі үшін клуб 135 миллион еуродан төледі. Холанд биылғы маусымда «Сити» сапында 40 ойын өткізіп, 30 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді