Дембеле — 2025 жылдың ең нәтижелі ойыншысы

Усман Дембеле, ПСЖ

Усман Дембеле. Фото: Getty Images

Opta Sports таратқан деректерге сүйенсек, «ПСЖ» клубының вингері Усман Дембеле 2025 жылы топ-5 лига ойыншылары арасында ең көп гол соққан футболшы атанды. Ол барлық турнирлерде 24 рет мергендік танытқан.

Одан кейінгі орында — «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе. Оның есебінде — 21 гол. Үздік үштікті дортмундтық «Боруссияның» форварды Серу Гирасси қорытындылайды. Ол биыл 17 голмен көзге түскен.

Айта кетейік, Гирасси — қазіргі таңда Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені. Оның еншісінде 13 гол бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Барселонаның» вингері Рафиньядан бір, ал Роберт Левандовски мен «Бавария» шабуылшысы Харри Кейннен екі голға озып тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»