Amstel Gold Race: «Астанадан» жалғыз ғана велошабандоз мәреге жетті

«Астана»

«Астана». Фото: Getty Images

Нидерландыда өткен әйгілі Amstel Gold Race жарысында даниялық Маттиас Скельмосе (Lidl-Trek) бірінші болып келді. 255,9 шақырымдық бәсекеде ол үздік шықты.

Екінші орынды словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates-XRG), ал үшінші орынды бельгиялық Ремко Эвенепул (Soudal Quick-Step) иеленді. Бұл үштік жарыс бойы көшбасшылықты уысынан шығарған жоқ.

«Астана» командасынан мәреге тек Никола Кончи ғана жетіп, 34-орынды қанағат тұтты. Оның көрсеткіші жеңімпаздан 4 минут 8 секундқа артта қалды. Қалған шабандоздар — Клеман Шампуссен, Даррен Ван Беккум, Кристиан Скарони, Фаусто Маснада, Иде Схеллинг және Симоне Веласко – жарысты соңына дейін аяқтай алмады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру