Ресей құрамасы мен клубтары Еуропа турнирлеріне қашан оралады? Чеферин нақты айтты

УЕФА

УЕФА. Фото: NurPhoto via Getty Images

УЕФА президенті Александр Чеферин ресейлік клубтар мен ұлттық құраманың ұйым ұйымдастыратын турнирлерге әзірге қатыса алмайтынын нақты айтты. Бұл туралы ол Белградта өткен УЕФА конгресінде мәлімдеді.

— Ресей командаларына қатысты пікірімді бірнеше рет айтқанмын. Егер әлі де сұрақ болса, тағы да қайталайын: соғыс аяқталған соң ғана олар турнирлерге қайта оралады, — деді Чефериннің сөзін келтірген «Чемпионат» басылымы.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанынан бері Ресей құрамасы мен ел клубтары халықаралық жарыстардан шеттетілген. Бұл шешімді УЕФА мен ФИФА бірлесе қабылдаған болатын.

Қазір Ресей құрамасы тек жолдастық кездесулермен шектеліп отыр. Наурыз айында олар Гренада мен Замбияға қарсы ойнап, қос матчта 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді