Қазақстан UFC турнирі өтетін елдер тізімінде жоқ

UFC

UFC

UFC ұйымының халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Брайан Шоу АҚШ-тан тыс өтетін жарыстар жайлы айтты. Оның сөзінше, ұйымның күнтізбесі алты-тоғыз ай бұрын жоспарланып қояды. Қазір басты назар – Ұлыбритания, Еуропа, Солтүстік Африка және Орта Азия елдеріне бағытталған. Бірақ Қазақстан бұл тізімде жоқ.

Францияда тікелей эфир уақыттарына шектеу бар. Сондықтан UFC болашақта телерадиохабар тарату келісімін қайта қарап, көбірек еркіндік алғысы келеді. Парижде түнгі турнир өткізуге мүмкіндік аз болғандықтан, француз спортшылары көбіне Канадада жұдырықтасады. Германиямен жаңа келісім жасалып, 2026 жылы турнир жоспарлануда. Ал Испанияда қызығушылық бар, бірақ жабық ареналар тапшы.

Шоу Бахрейн, Катар және Иорданияда турнир өткізу мүмкіндігін де қарастырып жатқанын жеткізді. Африкада – Оңтүстік Африка мен Руанда негізгі үміткерлер, бірақ логистика жағынан біраз қиындық болуы мүмкін. Нидерландта Амстердамда рұқсат алу қиын, ал Роттердамда турнир өтуі ықтимал. Польшада UFC серіктестерімен жақсы байланыс орнатқан.

Жаңа аймақтарды қамту жоспары қызу жүріп жатса да, Қазақстан туралы ештеңе айтылмады. Бұл отандық жанкүйерлерді ренжітуі мүмкін, өйткені олар мұндай ірі шараны көптен бері күтуде.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды