Асу Алмабаев UFC-де тарихи жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапты

UFC Fight Night 253

UFC Fight Night 253

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) UFC тарихында басты жекпе-жекке шыққан алғашқы қазақстандық атанды.

Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде Манел Капемен (20-8) кездесіп, жеңіліп қалды.

Бұл – Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы жеңілісі. Қазір оның промоушндағы көрсеткіші 4-1.

Жекпе-жек алдында Асу рейтингте 8-орында болса, Капе 6-орында тұрған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру