«Семейдің» жұлдызды ойыншысы допинг үшін ұзақ мерзімді шеттетіліп қалуы мүмкін

Феррао

Феррао

Бразилиялық легионер, мини-футболдан «Семей» клубының ойыншысы тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін ауыр жазаға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы «ЖаркOFF» телеграм-каналы хабарлады.

Ферраоның допинг сынамасы қазан айында өткен әлем чемпионаты кезінде алынған. Тексеру нәтижесі оң болып шыққаннан кейін футболшы шұғыл түрде туған еліне оралып, желтоқсан айының ортасынан бері «Семейдің» сапында көрінбей кетті. Бұл кезде Қазақстандағы маусым қызып тұрғанына және келісімшартының күшінде екеніне қарамастан, ол командаға оралмаған.

Қазіргі таңда ойыншының шеттетілу мерзімі туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда жақын арада бұл жағдайға қатысты жаңалықтар шығып қалуы мүмкін.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын
29 Июл - 08:30 Футбол
Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» дебюттік голы әлеуметтік желіде қызу талқыланды
28 Июл - 17:55 Футбол
Магомед Адиев Қазақстан құрамасына оралу туралы пікір білдірді