Шутов пен Орехов ҚХЛ-дің алтыншы аптасының үздіктері атанды
ҚХЛ-дің 2026/2027 жылғы тұрақты чемпионатындағы алтыншы аптаның үздік хоккейшілері анықталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Үздіктер қатарынан Қазақстан құрамасының екі ойыншысы – «Барыс» қақпашысы Андрей Шутов пен «Металлург» қорғаушысы Валерий Орехов көрінді.
Өткен аптада лигада 28 матч өтіп, оған 509 хоккейші қатысты. Оның ішінде 39 қақпашы, 168 қорғаушы және 302 шабуылшы бар. Кездесулердегі орташа нәтижелілік бір ойынға 4,75 шайбаны құрады. Арнайы комиссия статистикалық көрсеткіштер мен сараптамалық бағалауды ескере отырып, төрт аталым бойынша үздіктерді таңдады.
Андрей Шутов мансабында екінші рет аптаның үздік қақпашысы атанды. «Барыс» қақпашысы аптадағы екі ойында да жеңіске жетіп, сенімділік коэффициенті бойынша 0,5 көрсеткішіне қол жеткізді. Оның қақпасына 59 соққы жасалып, Шутов олардың 98,33 пайызын қайтарды. «Сибирьге» қарсы 1:0 есебімен аяқталған кездесуде қазақстандық қақпашы қақпасын голдан аман сақтады. Валерий Орехов алғаш рет аптаның үздік қорғаушысы атанды. Ол үш матчта 5 (2+3) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткішін «+4» деңгейіне жеткізді. Сонымен бірге «Торпедоға» қарсы 3:2 есебімен аяқталған овертаймдағы кездесуде жеңіс шайбасын соқты. Қорғаушының статистикасында екі күштік әдіс, бір тосқауыл және шайбаны тартып алу әрекеті бар. Үздік шабуылшы атағын алғаш рет «Салават Юлаев» ойыншысы Шелдон Ремпал иеленді. Ол үш матчта 4 (3+1) ұпай жинады. Ал үздік жаңа ойыншы жүлдесі екінші рет Максим Загребинге бұйырды. «Салават Юлаев» шабуылшысы үш ойында 3 (1+2) ұпай алып, «+3» көрсеткішіне ие болды және «Нефтехимикпен» кездесуде (4:3) жеңіс шайбасын соқты.



