Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына Азиададағы екінші алтынды салды
Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ұлттық құрама мүшесі 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Дегтярев жарыс барысында 191 келіні бағындырып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш оған жеңіс әкелумен қатар, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатуға мүмкіндік берді. Осылайша қазақстандық спортшы Жапонияда өтіп жатқан бәсекеде өз салмағында теңдессіз екенін дәлелдеді.
Жарыстың күміс жүлдесі Қытай өкілі Ян Цзинлянға бұйырса, Индонезия спортшысы Хильман қола медаль иеленді. Қазақстандық спортшы екі қарсыласынан да басым түсіп, ел қоржынына кезекті жүлдені қосты.
Дегтяревтің жеңісі Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы Азия Пара ойындарындағы екінші алтын медаль болды. Бұған дейін алғашқы алтын жүлдені пара оқ атудан 10 метр қашықтықтағы пневматикалық винтовкадан R1 санатында жеңіске жеткен Еркін Ғаббасов алған еді.



