Ясмина Токсанбаеваның алтынына қатысты жағдай: жауапкершілік кімге жүктелуі мүмкін?

6ab938ab6b25c

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаеваның Азия ойындарында алған алтын медалінен айырылуына байланысты жағдай әлі толық шешілген жоқ. Қазір оқиғаға қатысты негізгі жауапкершілік спортшының жаттықтырушылар құрамына жүктелуі мүмкін деген пікір айтылып отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген Zidan4eg Live жобасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің бұл мәселе бойынша әлі де тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, жарыстағы нәтижемен қатар, спортшының құжаттары мен жарыс регламентінің талаптарын дер кезінде орындау да маңызды. Төлеген жаттықтырушылар тек спорттық дайындықпен шектелмей, жарысқа қатысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді де бақылауы қажет болғанын атап өтті. «Есть ощущение, что тренерский штаб не выполнил свою работу как нужно. Это потом уже пришлось подключаться и федерации, и Национальному олимпийскому комитету, ну, в целом, государству. Но изначально вот это всё нужно было просто не допускать. Для этого тренеры должны были сделать свою работу. Не только на беговой дорожке, но и в кабинете тоже. Это очень важно на самом деле», – деді Төлеген.

Спорт саласының өкілі оқиғаға жауапты адамдарға қатысты қатаң шара қолданылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Оның пікірінше, Токсанбаеваның медалінен айырылуы жеке спортшының нәтижесіне ғана емес, Қазақстанның халықаралық спорттағы беделіне де әсер етті. «Я бы вообще, на самом деле, что-то как будто это слово стало таким мейнстримом в нашем разговоре – хирургическое вмешательство. Я бы… Дайте мне кровь. Нет, ну надо там что-то делать, потому что это же не только лишение золота, условно, для спортсменки отдельно взятой. Это же имиджевый урон», – деді ол. Сонымен бірге Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жағдайға жедел жауап беріп, спортшыға қолдау көрсеткен.

Алдағы уақытта Ясмина Токсанбаеваға мансабын жалғастыруы үшін қажетті жағдай жасау жоспарланып отыр. Олардың қатарында баспанамен қамтамасыз ету және басқа да қолдау түрлері бар. Спортшы медальден айырылудың өзі үшін ауыр болғанын бұған дейін айтқанымен, мансабын жалғастырып, жоғары деңгейдегі жарыстарда жаңа жүлделер үшін күресуге ниетті. Ал оқиғаға қатысты соңғы шешім ҰОК жүргізіп жатқан талқылау аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 14:04 Жеңіл атлетика
Ясмина Токсанбаеваның алтынына қатысты жағдай: жауапкершілік кімге жүктелуі мүмкін?
28 Сен - 17:15 Жеңіл атлетика
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты мәлімдеме жасады
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
09 Авг - 11:01 Жеңіл атлетика
Максим Сажнев әлем чемпионатының финалына шықты
20 Июн - 16:23 Жеңіл атлетика
Қазақстан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды
18 Май - 18:33 Жеңіл атлетика
Жеңіл атлет Елизавета Матвеева секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
07 Фев - 15:34 Жеңіл атлетика
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды
09 Янв - 14:04 Жеңіл атлетика
Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатын қабылдайды
17 Сен - 15:33 Жеңіл атлетика
Нора Джеруто Токиода өткен әлем чемпионатында алтыншы орын алды
15 Сен - 10:15 Жеңіл атлетика
Нора Джеруто әлем чемпионатының финалына жолдама алды