Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
Қазақстан әйелдер құрамасының балуаны Виктория Хусаинова Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. 59 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдескен қазақстандық спортшы үндістандық Комалға 2:7 есебімен есе жіберді.
Хусаинова жарысты сәтсіз бастады. 1/8 финалда ол украиналық Алина Филиповичпен кездесіп, 1:8 есебімен жеңілді. Алайда Филиповичтің финалға дейін жетуі Викторияға жүлде үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстандық балуан жұбаныш кезеңінде бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланды. Алдымен ол қытайлық Янчжэнь Янчжэньнен басым түссе, келесі белдесуде Пуэрто-Рико өкілі Джания Николь Дуиганды жеңді. Осы екі жеңістің арқасында Хусаинова қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды.
Алайда шешуші кездесуде Виктория Хусаинова үндістандық Комалға 2:7 есебімен жол беріп, әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады. Хусаинова Ресейдің күрес мектебінің түлегі саналады. 2024 жылы спортшы азаматтығын ауыстырып, халықаралық жарыстарда Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсете бастады.



