Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді

800x450.orig 2

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда латвиялық «Ригамен» 1:1 есебімен тең түскен матчтан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Маман кездесудің барысы команда күткендей өткенін айтты. «Қайрат» қарсыластың допқа көбірек иелік ететінін алдын ала болжап, қорғаныста жинақы ойнап, шабуылда қарсы шабуылдарға сүйенуді жоспарлаған. Алматылықтар ерте гол соққанымен, көп ұзамай есепті ұстап тұра алмады. Үзіліс кезінде бапкерлер штабы бірқатар өзгеріс енгізіп, ойыншыларға бастапқы жоспардан ауытқымау қажеттігін түсіндірген.

«Что касается игры, мы, в принципе, так и предполагали, что она будет развиваться в таком ключе, соперник будет больше владеть инициативой, а мы будем больше обороняться и искать счастье в контратаках. По сути, так и получилось. Забили быстрый гол, но немного не разобрались в пропущенном голе. Настраивали ребят действовать определенным образом, но, к сожалению, немного не так мы действовали в первом тайме, как надо было. Мы слишком растягивались, позволяли сопернику контролировать мяч и использовать пространство, которое образовывалось между нашими линиями», – деді Уразбахтин.

Екінші таймда «Қайрат» өз ойынын түзеп, қайтадан алға шығуға мүмкіндік беретін бірнеше сәт қалыптастырды. Бапкердің айтуынша, футболшылардың шаршағанына қарамастан, команда екінші голды соғуға жеткілікті мүмкіндік жасады. Матчтағы есепті 5-минутта Марк Гуаль пенальтиден ашса, жеті минуттан кейін Салах Улад таразы басын теңестірді. Уразбахтин турнирдегі алғашқы кездесуде сырт алаңда бір ұпай алуды жаман нәтиже деп есептемейді.

«На мой взгляд, слишком легко мы пропустили этот гол. В перерыве сделали определенные корректировки, подсказали ребятам, как нам действовать, не отходить от нашего плана на матч. Во втором тайме, в принципе, играли правильно. Конечно, немного уже такой свежести у нас не было. Но даже с такими ошибками, которые у нас были, мы, я думаю, создали достаточно моментов, чтобы забить и второй гол», – деді маман.

Енді «Қайрат» чемпионаттағы кезекті ойынына дайындалады. 18 қазанда алматылық клуб КПЛ-дің 23-туры аясында Орталық стадионда «Иртышты» қабылдайды. Ал Конференция лигасындағы келесі кездесу 22 қазанға жоспарланған. Бұл ойында Уразбахтин шәкірттері өз алаңында Грекияның «Панатинаикос» командасымен кездеседі. Осы матчтарға дейін негізгі міндет футболшыларды қалпына келтіріп, дайындықты дұрыс ұйымдастыру болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр