Кузнецовтың агенті хоккейшінің «Тракторға» оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

original

Ресейлік хоккейші Евгений Кузнецовтың агенті Шуми Бабаев шабуылшының отбасындағы жағдай реттелгеннен кейін кез келген клубтың ұсынысын, соның ішінде Челябінің «Трактор» командасынан түсетін ұсынысты да қарастыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұған дейін Кузнецов әкесінің сырқатына байланысты тараптардың келісімімен Новосібірдің «Сибирь» клубымен келісімшартын бұзған еді. Кейін хоккейші ҚХЛ аясындағы «Трактор» мен «Амур» арасындағы матчты тамашалап, ойыннан соң алаң иелерінің киім ауыстыратын бөлмесіне барған. Осы жағдай оның туған клубына оралуы мүмкін деген пікірлерге себеп болды.

«Біз кез келген ұсынысты қарастыруға дайынбыз, бірақ қазір емес. Мұз айдынына келер алдында Евгений үш күн ұйықтамай, әкесінің жанында болды. Жағдай күрделі. Қалай шешілсе де, бұл Евгений үшін оңай шешім болмайды. Қазір бұл туралы айтуға әлі ерте», – деді Бабаев.

Кузнецов – «Вашингтон Кэпиталз» құрамында 2018 жылы Стэнли кубогын жеңіп алған және әлемнің екі дүркін чемпионы атанған хоккейші. ҚХЛ-де ол Челябінің «Трактор», Санкт-Петербургтің СКА және «Салават Юлаев» клубтарында өнер көрсетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
12 Окт - 14:00 Хоккей
Кузнецовтың агенті хоккейшінің «Тракторға» оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
12 Окт - 13:20 Хоккей
Александр Овечкин тарихи жетістікке жетіп, Гретцки рекордына жақындай түсті
09 Окт - 12:05 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дегі үй сериясында кемінде төрт ұпай жинауы мүмкін
08 Окт - 14:30 Хоккей
Борис Михайлов Андрей Разиннің «Металлургтен» шеттетілуіне пікір білдірді
21 Сен - 08:30 Хоккей
Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші матчында жеңіліп қалды
20 Авг - 16:25 Хоккей
«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогін жеңіспен аяқтады
06 Июл - 13:31 Хоккей
Қазақстандық хоккейші мансабын Канадада жалғастырады
22 Июн - 18:04 Хоккей
«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты
14 Июн - 15:36 Хоккей
Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барыспен» жаңа келісімшартқа қол қойды
08 Июн - 15:05 Хоккей
Бұрынғы «Барыс» қорғаушысы «Торпедоға» ауысты